Петропавлдық ұстаз өз қаржысына спорт кешенін салып бермек

Петропавлдық ұстаз спорт кешенін салуға жер телімін іздеп жүр. Бүгін азаматтарды бірыңғай қабылдау күніне келген ол, шаһар басшылығынан осы мәселені шешіп беруді сұрады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Саят Шаяхметов Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Бос уақытында футбол ойнап, спортпен айналысқанды құп көретін ұстаз қалада спорт кешендері тым аз дейді.

Петропавлдық ұстаз өз қаржысына спорт кешенін салып бермек

 

Петропавлдық ұстаз өз қаржысына спорт кешенін салып бермек

«Қалада футбол ойнайтын, жалпы спортпен айналысатын жандар үшін баратын жер жоқ. Екі-үш алаң бар. Бірақ оларда ылғи жаттығулар жүріп жатады. Бос болмауы мүмкін. Жазда жарайды, далада футбол ойнаймыз. Бірақ қыста орын таба алмай қатты қиналамыз. Сондықтан өзім сияқты спортпен шұғылданатындар үшін жабық спорт алаңдары өте қажет», – дейді педагог.

Ұстаз мәселені шешу жолдарын да қарастырып қойған. Ол қалада спорт кешендерін салуды көздеп отыр. Тіпті жоба да дайын.

«Спорт кешенін салу үшін бізге жер телімі қажет. Және учаскесі айдалада емес, қаланың орталығында болғанын қалаймыз. Яғни, сұранысқа ие болуы үшін тұрғындар көп шоғырланған ауданда орналасса деймін. Өйткені, жоба құны 120 млн теңге шамасында. Ал қаржыны мен несиеге алмақшымын. Сондықтан оны қайтару керек. Осылайша, ол жерде кешкі жетіге дейін балалар спортпен айналысады. Кейін өзім сияқты футбол ойнауды жақсы көретін ересектерге алаңды жалға беретін боламын», – деді Саят Шаяхметов.

Қала әкімі мен облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысына бұл идея ұнады. Бірақ олар балалар мен онда келетін тұрғындарға тиісті жағдай жасалуы керек дейді.

Петропавлдық ұстаз өз қаржысына спорт кешенін салып бермек

 

Петропавлдық ұстаз өз қаржысына спорт кешенін салып бермек

«Шынымен де, мұндай жобалар қаламызға керек. Өйткені, қысқы уақытта бізде футбол ойнайтын үш орын ғана бар. Идея жақсы. Бірақ онда келушілер үшін жағдай жасалуы тиіс. Яғни, киім ауыстыратын, жуынатын орындар қарастыру қажет. Футбол ойнайтын алаңның жабындысы да талапқа сай болуы шарт. Сондай-ақ нысанда жазда желдеткіштер, қыста жылу режимі сақталуы тиіс», – деді облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Сергей Мелехов.

Саят Шаяхметов айтылғандардың барлығы қарастырылған деп отыр. Және ол наурыз айының ортасына дейін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп, жобаны қала әкіміне ұсынбақ.

Тағы оқыңыз: СҚО полиция департаменті жұмысқа шақырады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x