СҚО ПД: көшеде қоқыс үйіндісін көрсеңіз, хабарласыңыз!

Облыс полицейлері заңсыз қоқыс тастап, абаттандыру ережелерін бұзатын тұрғындарды анықтауда. Жыл басынан осындай 9522 құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көшенің көркін бұзып, қолындағы қоқысты жолай тастай салатындар жетерлік. Оған қоса жөндеу жұмыстары мен құрылыстан кейінгі қалдықтарды аулаға үйіп қоятындар да бар. Кей тұрғындар ескі жиһаздарын да қоқыс контейнерлерінің маңына ысыра салады. Ал жеке тұрғын үй секторында кей жерлерде қоқыс үйінділері пайда болған. Учаскелік полиция инспекторлары осындай шаһардың келбетіне нұқсан келтіретіндерді де анықтайды.
Осы тақырыптағы фотосуреттер мен бейнежазбаларды қала тұрғындары әлеуметтік желілерге салып, үнемі талқылайды. Учаскелік инспекторлар қала тұрғындарына Instagram және Facebook-те бұл проблемаларды жариялап қана қоймай, бұл туралы полицияға тікелей хабарлауға кеңес береді.

Облыс полицейлері заңсыз қоқыс тастап, абаттандыру ережелерін бұзатын тұрғындарды анықтауда. Жыл басынан осындай 9522 құқық бұзушылық тіркелген
Жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша облыс полицейлері 9522 құқық бұзушылықты анықтады. Бұл бапқа сәйкес, жеке тұлғаларға ескерту беру немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивіне – 100 жыл

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x