СҚО-ның бас құтқарушысы Рамиль Камалов басқа қызметке ауысты

Өңірдің бас құтқарушысы қызметінен кетті. Енді Рамиль Камалов Төтенше жағдайлар министрлігінде еңбек етпек. Ол өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Рамиль Камалов 1976 жылы 5 маусымда Торғай облысы Есіл ауданының Красногорский кентінде дүниеге келген. 1996 жылы ҚР ІІМ Павлодартехникалық колледжін «Ұйымдастыру және өртке қарсы қорғау техникасы» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Стандарттандыру, метрология и сертификациялау» мамандығы бойынша оқыды.

Еңбек жолын Ақмола облысында бастады. ІІБ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының №84 жекешелендірілген әскерлендірілген өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өртті бақылау инспекторы болды.  Кейін Астана қаласының МӨҚҚ №7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болды. 

1999-2001 жылдары – Астана қаласы «Өрт сөндіруші» РМК филиалының №7 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері болып еңбек етті.

2001-2002 жылдары – Астана қаласының «Өрт сөндіруші» РМК №11 филиалының №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы.

2002-2005 жылдары – Астана қаласы «Өрт сөндіруші» РМК филиалының өрт сөндіру тобының бас маманы.

2005-2006 жылдары – ҚР ТЖМ ТЖ саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бас маманы.

2006-2009 жылдары – ҚР ТЖМ Өртқе қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімінің бас маманы.

2009-2010 жылдары – ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары басқармасының бас маманы.

2010 жылы  – ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары басқармасының бастығы.

2010-2014 жылдары – ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы.

2014-2015 жылдары – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өрт сөндіру қызметін ұйымдастыру бойынша басқармасының бастығы.

2015-2017 жылдары – ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары.

 2017 жылғы маусым айынан бастап СҚО  Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны өз баласын бесінші қабаттан лақтырып жібермек болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x