СҚО-ның үш ауданында бруцеллезге қарсы шекутеу шаралары енгізілді

Солтүстік Қазақстан облысының 4 ауылында ірі қара малдан бруцеллез анықталып, ветеринарлар бұл елді мекендерге шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО ветеринария басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бруцеллезге 3 ауданның 4 ауылындағы мал шалдыққан. Ол Қызылжар ауданындағы Плоское, Аққайың ауданындағы Ленинское және Ақжар ауданындағы Үлгілі мен Тұғыржап ауылдары.

“Соңғы дерек қарашаның 13-і күні Ақжар ауданы Тұғыржап ауылындағы «Хиуа» шаруа қожалығында тіркелді. Бруцеллез ауруы 5 ірі қара малдан анықталды. Барлық мал сойылды. Қазіргі уақытта елді мекеннен ет және сүт өнімдерін сыртқа шығаруға шектеу қойылған», – дейді СҚО ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы.

Жалпы жыл басынан өңірде 223 ірі қарадан бруцеллез анықталған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл шаруашылығы техникасының 75 пайызы тозған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x