СҚО-да жыл басынан 75 адам қызылша жұқтырған

Облыста  2023 жылдың басынан бері қызылшаға күдікпен 442 жағдай тіркелді. Оның 316-ы расталған. Биыл 75 адам ауру жұқтырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірлік коммуникация орталығында өткен брифинг облыстағы эпидемиалогиялық ахуалға байланысты болды. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, облыста 316 адам қызылша жұқтырған. Оның 270-і Петропавлда тіркеліп отыр.

        «Науқастардың 87% қызылшаға қарсы екпе алмағандар. Оның ішінде 58 адам жеке сенімі бойынша бас тартты. 30-ы медициналық көрсеткіштер бойынша екпеден босатылғандар.  119 науқастың  вакцинация статусы белгісіз» деді спикер.

Ауру жұқтырғандармен байланыста болған 22 132 адам тіркеліп, оның 1282-не 72 сағат ішінде екпе қойылған. Қатынаста болғандардың арасында вакцинадан бас тартқандар,  медициналық көрсеткіштер бойынша босатылғандар да бар.  

Тағы оқыңыз: СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны 1,7 есе өскен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x