сепаратистік ұйымның 3 мүшесі қамауға алынды

Бүгін өздерін Қазақстаннан тәуелсізбіз деп, бүлік шығарған топтың 3 белсендісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сепаратизмге күдіктілер 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еске салсақ, үстіміздегі жылдың наурыз айында «Халық Кеңесі» тобының өткізген жиналысы әлеуметтік желіге тараған еді.  Бұл хабар бойынша 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексеру басталды. Тергеу амалдары барысында наурыздың 19-ы күні 20 адамнан құралған топтың Солтүстік Қазақстан университетiнiң колледж ғимаратында жиналыс өткізгені белгілі болды. Оның ішінде біреуі – кәмелетке толмаған бала. Топ өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағынын iзбасарлары деп таныстырып, Қазақстаннан тәуелсіз екендерін айтты. Жиналыс барысында олар Қазакстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл каласының Халық Кеңесiн кұру туралы тiлектерiн бiлдiрген және «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл каласының Халық Кеңесі Декларациясын» қабылдаған. Онда олар Қазақстанның мемлекет құру зандылығын және легитивтігін мойындамай, Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отыра оның Тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарып отыр.

«Cотқа дейiнгi тергеп-тексеру барысында көптеген тергеу шаралары жүргізілді. Оның iшiнде әртүрлі сараптамалык зерттеулер тағайындалды. Саясаттанушы мен баска да мамандардың қатысуымен комиссиялық сот  психологиялық-филологиялық сараптаманың корытындыларына сәйкес сепаратизм белгiлерi анықталған. Қылмыстық істің жиналған материалдары негiзiнде «Халық Кеңесінің» 3 мүшесінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен  тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желiлерiн шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық Кодекстiң 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған. Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді СҚО прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Ғани Жалби.

Бұл баптың санкциясы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде баламасыз жазалауды көздейді. Тергеу амалдары әлі де жүргізілуде. Қалған қатысушылардың іс-әрекеттеріне баға берілетін болады. Егер кінәлары дәлелденген жағдайда шара қолданылады.

Тағы оқыңыз: Петропавл полицейлері есірткі жасырылған 15 орынды анықтады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x