СҚО-да мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

СҚО-да жеті жігіт бірнеше рет мал ұрлады деген күдікпен ұсталды. Әзірге олардың 10 іске қатысы бар екендігі анықталған. Алайда полицейлер қылмыстық эпизодтардың саны одан да көп болуы мүмкін екендігін жасырмайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

18 бен 22 жас аралығындағы жеті солтүстікқазақстандықты Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Олар бірнеше мал ұрлығын жасады деген күдікке ілігіп отыр. Қылмыс биыл жаз айларында Есіл ауданында, тағы екі факті Мамлют және Шал ақын аудандарында жасалған. Қылмыскерлер ауыл тұрғындарының қора-қопсыларына кіріп, қойларды ұрлаған.

«Олар бір ұрлағанда 6 бас қойды алып кетіп отырған. Қылмыскерлер тамыз айында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұсталды. Тергеу барысында олардың ұрланған мал етін Петропавл қаласында сатқаны анықталды. Сатып алушыдан төрт бас қой тәркіленді. Белгілі болғандай, малдары ұрланған тұрғындар полицияға жүгінбеген. Олар малдары жоғалып кеткен болуы мүмкін деп ойлаған. Бірқатар фактілер тек тергеу барысында анықталды. Бүгінгі күні істе 10 эпизод бар. Соңғысы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 19 қыркүйек күні тіркелді», – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгіндері жетеудің 31 мал ұрлығына қатысы бар екендігі анықталған. Күдіктілер қамауға алынды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігі (Мал ұрлау) бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық зейнеткер каскалардың коллекциясын жинайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x