СҚО-да былтыр ит пен мысық иелеріне 19 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Солтүстік Қазақстан облысында «TANBA» ақпараттық жүйесіне 7 мыңнан астам үй жануары есепке алынды. Олардың 4 120-сы ит, қалған 3 000-ға жуығы мысық, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, I KOMEK 109 қызметі арқылы Петропавл ветеринарлық стансасына күнде топтасып жүрген қаңғыбас иттер туралы ақпарат түседі. Былтыр осындай иесіз үй жануарларын идентификациялауға, екпе қоюға және зарарсыздандыруға 17,1 млн теңге бөлінді. Нәтижесінде 300-ге жуық ит-мысық тиісті рәсімнен өткен. 284-і қайта тіршілік ортасына, қалғаны арнайы тәлімбақтарға жіберілді.

«Үй жануарларына чип қою жұмыстары жалғасын табады. Негізігі мақсаты – ит пен мысық иелерін жауапкершілікке үйрету. Идентификациялық нөмір беру арқылы жоғалған жануарларды және олардың иелерін тез табуға болады. Петропавлда жануарларды уақытша ұстауға арналған пункт салынады. Қалалық әкімдік жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр. Мұндай орындар аудан орталықтарында да салынады», – дейді СҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы Наталья Тараканова.

Қаңғыбас иттен келер қауіп көп. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, былтыр 858 адамды ит қапқан. Оның 360-сының иесі жоқ.

СҚО полиция ведомствосының мәліметінше, өткен жылы үй жануарларына дұрыс қарамаған 724 ит-мысық иесі жауапқа тартылды. Оларға жалпы сомасы 19 млн 199 мың теңге айыппұл салынған.

Тағы оқыңыз:Уәлиханов ауданының әкімі зейнет демалысына шықты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x