СҚО-да бомба туралы жалған хабарлама берген жасөспірім сотталды

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бомба туралы жалған ақпарат берген жасөспірімге үкім шықты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Былтыр қазан айында “102”номеріне Петропавлдағы ойын-сауық орталығының бірінде бомба бар деген хабарлама түскен болатын. Шақыруға барлық жедел қызмет жұмылдырылды. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Полицейлер “ізін суытпай” мас күйдегі жасөспірімді анықтап, ұстады. Ол
Петропавл қаласының 16 жастағы тұрғыны болып шықты. Бүгін оған қатысты сот процесі аяқталды.

“24 қаңтарда СҚО кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – деп нақтылады облыстық полиция департаменті.

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының хабарлауынша, өткен жылы облыс аумағында ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша барлығы 2 адам, осы жылы 1 адам ұсталды.

Тағы оқыңыз:СҚО-да бірнеше кісіні өлтірген ер адам бостандыққа шықты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x