СҚО-да астықтың 80 пайызы жиналды

Солтүстікқазақстандық диқандар астықтың 80 пайызын жинап үлгерді. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында баяндаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс аудандарын аралауды бастады. Өңір жетекшісі Қызылжар ауданында орналасқан «Қызылжар сүт» фермасында болды. Айта кетейік, жыл соңына дейін аймағымызда тағы 6 жаңа сүт кешені іске қосылмақ.

СҚО-да астықтың 80 пайызы жиналды
Облыс әкімі Аққайың ауданындағы «Элеватор Смирновский» ЖШС-ға да соғып, астық қабылдау барысымен танысты. Биыл егін жинау науқаны күрделі жағдайда өтіп жатыр. Сондықтан астықты қабылдайтын және кептіретін орындар үйлесімді жұмыс жасауы тиіс. Бұл өнімнің сапасына әсер етеді.  Мемлекет қажетті көмекті көрсетуде. Қосымша 19,7 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінеді.

СҚО-да астықтың 80 пайызы жиналды
СҚО-да астықтың 80 пайызы жиналды

Сондай-ақ аймақ басшысы «Полтавское» серіктестігінің егіс алқаптарында астық жинау және жем-шөп дайындау барысын тексерді.  Шаруалармен кездесіп, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады.

«Бүгінде облыста дәнді дақылдардың 80 пайызы жиналды. Диқандар күзгі орақты аяқтау үшін қолайлы күндерді мейлінше тиімді пайдалануы қажет«, – деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы «Солнечный-2» және «Оңтүстік» шағын аудандарында құрылыс қыза түспек

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x