[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/image802-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

СҚО ТЖД қызметкерлері көктемгі су тасқынына дайындықты күшейткен. Қызыл су өңірдегі 85 елді мекенді басуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызыл су 6 мыңнан астам тұрғыны бар 85 елді мекенді басуы мүмкін. Сондықтан қазір тасқын су қауіп төндіріп тұрған ауылдардың маңында 130 шақырымнан астам жер үйінділері, 7 шақырымнан астам қорғаныс бөгеттері салынды. Облыстың автожолдарында 89 су өткізгіш құбырлар орнатылды. 55 шақырымнан астам дренаждық жүйелер салынып, жөнделген.

«Төтенше жағдай бола қалса, жедел әрекет ететін мамандар мен техника әзірленген. Сондай-ақ, эвакуацияланатын тұрғындарды қабылдайтын 255 пункт дайын. 114 жүзу құралы, 15 мың тоннадан астам инертті материал, 190 тоннаға жуық жанар-жағармай қоры бар. Бүгіндері қызыл су басу қаупі бар елді мекендерден қар шығару жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Қазірдің өзінде 266 мың шаршы метр ақ ұлпа шығарылды», – деді СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов.

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x