СҚО-да 3 мыңға жуық оқушы жазғы лагерьде тегін демалады

Биыл солтүстікқазақстандық мектеп оқушыларының 6087-сі қала сыртындағы жазғы лагерьлерге жіберіледі. Соның 3 мыңға жуығы тегін демалу мүмкіндігіне ие болмақ. Шәкірттер үшін қала сыртындағы 11 нысан жұмысын жандандырады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мектеп оқушыларын алда 90 күндік жазғы демалыс күтіп тұр. Ұл-қыздар уақыттарын есте қаларлықтай әрі пайдамен өткізуі үшін 265 мектеп жанындағы және 339 бейіндік алаң, 179 шатырлы және киіз үй лагері жұмыс істемек. Жалпы, биыл облыста 67 мың оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Қазір қала сыртындағы лагерьлерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Маусымның 6-сына дейін барлық шаруа аяқталуы тиіс.

«10-17 маусым аралығында жазғы маусым ашылады деп жоспарланып отыр. Облыста 14 лагерь бар. Әдеттегідей, биыл 6 мыңнан астам бала қала сыртындағы лагерьлерге жіберіледі. Соның 2784- і  тегін демалу мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл – әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушылар. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 92,4 млн теңге бөлінді. 7 мемлекеттік лагерьде жолдама құны – 35 мың теңгеден. «Серебрянный бор» мен «Эдельвейс Бурабайда» дем алу үшін 65 мың теңге төлеу керек», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.

Тағы оқыңыз: 109 солтүстікқазақстандық түлек «Алтын белгіге» үміткер

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x