Солтүстікте мопед жүргізушілерінің қатысумен жыл басынан бері 16 жол апаты тіркелді. 11 оқиға нақты осы көлік құралдарының кінәсінен болған, деп жазады Qazaqstan Media.

Жол-көлік оқиғасына қатысы бар алты мопед жүргізушісінің кәмелетке толмаған жасөспірім екені анықталды. Төрт жағдайда олардың жолдағы мінез-құлқы апатқа әкеліп соққан.



«Облыста жеті айда мопед жүргізушілері тарапынан жол жүрісі ережелері 43 рет бұзылды. Тәжірбие көрсетіп отырғандай электросамокат жүргізушілері де жол ережесін сақтамайды. Жыл басынан бері олардың тарапынан 880 бұзушылыққа жол берілген. Полиция қызметкерлері болса көлік тәртібін арттыруға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар мен акцияларды үнемі өткізіп отырады», – дейді облыстық полиция департаменті ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

Тәртіп сақшылары электр самокатында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға, олармен жаяу жүргіншілер өткелімен жүруге болмайтынын еске салады. Көліктің осы түрімен жолдың бөлігімен жүруге 18 жастан бастап және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана болады. Сондай-ақ шлемсіз жүруге жол берілмейді. Жаңа оқу жылы қарсаңында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасын өткізу жоспарланған, оның аясында жол қауіпсіздігін нығайту бойынша жұмыстар күшейтіледі.

Тағы оқыңыз: Ғ.Нұрмұхамбетов: «Биыл күзгі орақ науқаны қиын жағдайда өтеді»

Share and Enjoy !

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x