[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/пияз-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||0px|||»]

Өңірде азық-түлікке қатысты тағы дүрбелең туындауы мүмкін. Бірақ бұл жолы тұрғындар қантқа емес, пияз үшін ұзын-сонар кезекке тұруы ықтимал, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Соңғы уақытта Петропавлда пиязға сұраныс күрт артқан. Тұрғындардың көпшілігі сауда нүктелерінен аталған өнімді қаптап сатып алуға көшіпті. Бәріне себеп – әлеуметтік маңызы бар тауардың кейбір өңірлерде таусыла бастауы. Бұл ақпарды «Солтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басшылығы растады. Жақында аталған ұйымға өзге облыстардан хабарласып, пияз сатып алу жөнінде ұсыныс түскен екен. Алайда, бұл ұсыныс мақұлданбапты. Өз кезегінде «Солтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері тұрғындарды сабыр сақтауға, тапшылық пен қымбатшылықты қолдан жасамауға шақырады.

«Біз өткен жылы өңіріміздегі шаруалардың бірінен 450 тонна пияз алдық. Соның қазір әр келісін 105 теңгеден сатып жатырмыз. Облыста тапшылық жоқ. Дайындаған көлем өңір тұрғындарына жетеді. Жалған ақпарға сеніп, базарға, дүкендерге жаппай ағылудың, қаптап пияз алудың қажеті жоқ. Қантқа қатысты туындаған былтырғы жағдайды қайталамайық. Өнім бәрімізге жетеді»,- дейді «Солтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ департаментінің директоры Роза Тастанбекова.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *