СҚО-да мас жүргізушіге қатысты жария сот өтті

Солтүстік Қазақстанда көлікті мас күйде айдаған азаматқа қатысты сот процесі жария түрде өтті. Отырысқа осыған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған 15 адам шақырылды. Мұндай ашық сот Мамлют ауданында ұйымдастырылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Сот 40 жастағы солтүстікқазақстандыққа қатысты үкім шығарды. Ол үш жыл бұрын Астана қаласында көлікті мас күйде тізгіндегені үшін жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырылыпты. Бірақ, ол оған қайта рөлге отыруға кедергі болмаған сынды. Күзде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, полицейлер оны мас күйде көлік басқарғанын анықтады. Ол Воскресеновка ауылының маңында ұсталды. Көлікті мас күйде қайталап жүргізу қылмыстық құқық бұзушылыққа жатады. Сот шешімімен ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды. Прокуратурамен, сотпен және полицейлермен келісе отырып, сот отырысына жүргізуші куәліктерінен айырылған 15 мамлюттік шақырылды.

СҚО-да мас жүргізушіге қатысты жария сот өтті

«Бұл профилактикалық шараның әсері болады деген сенімдеміз. Кей адамдар түрлі сылтаулар айтып көлік тізгініне мас күйде қайта отырады. Бұл жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін қауіпті. Сондықтан осындай заң бұзушылық үшін жаза қатаңдатылып отыр, – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Иса Мұстафин.

Тағы оқыңыз: Петропавлда есірткі таратқан көкшетаулық жігіт 15 жылға сотталуы мүмкін 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *