Солтүстік Қазақстан облысында ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан тұтқын іздестірілуде. Ол Ольшанка ауылында орналасқан түзету мекемесінен қашқан. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кетті. Алайда құзырлы органдар әлі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Тараған ақпаратқа сай колониядан 38 жастағы Максим Ловырев есімді азамат қашып кеткен. Қолдағы бар мәліметтерге сай, ол 2022 жылдың маусым айында шөп шапқыш пен жүк көлігін ұрлаған. Сол үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы биылғы жылдың 8 сәуіріне дейін Айыртау ауданы Новоукраинка елді мекеніндегі ең төменгі қауіпсіздік колониясында жазасын өтеген. Сондай-ақ сотталушының бұған дейін де осындай бап бойынша түрмеде отырғаны белгілі болды.

Тағы оқыңыз:СҚО-да бір отбасының екі баласы тамақтан уланып, көз жұмды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x