СҚО-да биыл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе артық «синтетика» тәркіленген

Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары балалар мен жасөспірімдерде есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру акцияларын өткізіп жатыр. Себебі, тәртіп сақшыларының сөзінше өскелең ұрпақ арасында  жеңіл жолмен ақша табу үшін есірткі тарататындар саны көбейіп келеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шал ақын ауданында биыл өсімдік тектес есірткіні жеке тұтыну мақсатында сақтаудың үш фактісі тіркелген. Тәртіп сақшылары «Кұлеке Батыр» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында жас спортшылармен кездесті. Балаларға тыйым салынған заттарды қолданудың және таратудың салдары жайында айтылып, есірткі айналымына қатысты кез келген ақпаратты ата-аналарына немесе полицейлерге «102» телефоны арқылы хабарлау керектігін еске салды. Кездесу соңында балаларға кітапшалар мен жадынамалар таратылды.

СҚО-да биыл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе артық «синтетика» тәркіленген

СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің жұмысында негізгі басымдық синтетикалық есірткіге қарсы күреске беріледі. Жыл басынан бері облыста 5 кг 611 грамм синтетикалық есірткі тәркіленген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 5 есе көп.

Тағы оқыңыз:СҚО-да еліміздің жедел медициналық бригадалары сынға түсуде

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *