Мамлют ауданында балық аулап жүрген ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға сәрсенбі, яғни 12 маусым күні болған. Ер адамның денесін Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері тауып алған.

«Мамлют ауданының  кезекші бөліміне Покровка ауылының маңында балық аулау кезінде 61 жастағы ер адамның суға батып кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Ол қайықтан құлап кеткен», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.

Тағы оқыңыз:СҚО-да тасқын судан кейін қалалық жағажай әлі ашылған жоқ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *