СҚО-да өрт сөндіру станциялары талаптарға сай емес

Солтүстік Қазақстан облысында орман өрт сөндіру станциялары талаптарға сай емес. Мұнда өрт сөндірушілерді орналастыруға арналған үй-жайлар, жылы гараждар мен жабдықтар жоқ. Бұл туралы облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Прокурорлар өңірде орман заңнамасының бұзушылықтары жетерлік дейді. Өрт сөндіру станциялары талаптарға сай келмейді. Қызметкерлерді орналастыруға арналған үй-жайлар, жылы гараждар, мамандар, сондай-ақ өрт сөндіру техникасына арналған жабдықтар жоқ.

«Барлық орман мекемелерінде орман өрттерін ерте танудың автоматты жүйесі (FireWatch) жоқ. Арнайы жедел әрекет ету авиациясын сатып алу және орман өрттерін сөндіру, десанттың түсуін қамтамасыз ету үшін жол жүруге қиын жерлерде тікұшақ алаңдарын орнату бойынша ұсыныстар назардан тыс қалды», — деп нақтылады қадағалау органы.

Су алуға арналған өрт гидранттары мен су айдындарының жай-күйі, қорғаныш минералданған жолақтардың құрылысы бойынша басқа да бұзушылықтар анықталды. Бұдан басқа, әкімдіктер тұрғындармен эвакуациялау және ерікті өртке қарсы құралымдар құру жоспарлары туралы түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізбеген.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыстық бюджеттен арнайы өрт техникасы мен жабдықтарын сатып алуға 296,6 млн теңге, жеті орман шаруашылығы бойынша өрттерді ерте анықтау бойынша құрылғыларды сатып алуға 45 млн теңге бөлінді. 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде үш аудан әкімі бар», — деп атап өтті прокуратура.

Сондай-ақ әкімдіктерде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 3,3 млрд теңге сомасына өртке қарсы техниканы сатып алу жоспарлануда. Бұл орман иелерін қолданыстағы нормалар мен нормативтер бойынша өрт машиналарымен және техникамен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ішімдікке әуес әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *