Облыстың білім беру және медициналық мекемелері өздерінде пайда болған қауіпті қалдықтарды тиісті лицензиясы  жоқ кәсіпкерлік субъектілеріне берген. Заң бойынша олар қалдықтарды қайта кәдеге жарату немесе тіптен жою үшін белгілі бір орындарға тапсыруы керек болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл заң бұзушылықты мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы анықтаған. Мониторинг барысында құзырлы органдар  10 шаруашылық субъектісі  қалдықтарды тасымалдау кезінде уәкілетті органға хабарламағаны және «Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының навигациялық жүйелеріне қосусыз қызметті жүзеге асырғаны да белгілі болған.

«Прокурордың қаулысымен кінәлі лауазымды және заңды тұлғалар жалпы сомасы 2 327 806 теңгеге айыппұл төлеумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекет бюджетіне толық көлемде өндірілді.Сондай-ақ, прокурорлық қадағалау актілері бойынша 75 кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз:СҚО-да жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің қатысуымен 16 жол апаты тіркелді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *