Петропавлда қала мектептерінің оқушылары үшін Junior skills байқауы өтті. Мұнда сегізінші және 11-ші сынып балалары « Жас шаштараз-стилист» сынында мүмкіндіктерін сынап көрді. Биылғы байқау жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды, деп жазады Qazaqstan Media.
Junior Skills «жас шаштараз-стилист» байқауына Дарина Найкина осымен екінші жыл қатысып отыр. Былтыр оқушы қыз екінші орын алған.Биыл жеңістен үмітті. Ол макияж аталымында бақ сынамақшы. Әсемдік пен әдемілікке жақын қыз, қазір сәнді әрі заман талабына сай макияж жасаудың тәсілдері көп дейді.

«Қазір макияж жасап үйрендуің көптеген курстары бар. Оқып, үйреніп алуға мүмкіндік мол. Өзіме біреуді бояндырған қатты ұнайды. Болашағымды да осы қызмет көрсету саласымен байланыстырсам деймін. Осы байқауға қатысудағы басты мақсатым, үйренген тәжірибемді шыңдау»,- дейді 10-шы сынып оқушысы Дарина Найкина.
Даринамен бірге байқауға тағы 21 оқушы қатысты. Олар шаш сәндеу және макияж жасау бойынша өнерлерін көрсетеді. Олардың жұмысына Е. Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі оқытушылары және сән салондарының мамандары бағалайды. Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар колледжге шақырту алады.

«Әділқазылардың жоғары бағасын алған оқушыларды колледжге оқуға шақырамыз. Былтырғы байқауға қатысушлардың кейбірі бүгінде бірінші курста оқып жатыр. Жалпы шаштараз-стилист мамандығы бойынша 100-ге жуық студент оқиды. Оқу тегін. Бұл мамандыққа тоғызыншы сыныптан кейін оқуға түсуге болады»,-дейді Е. Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі директорының орынбасары Жұлдыз Искакова.
Шаш сәндеу аталымында шаш үлгісінің заман талабына сай болуы, әсемдік үшін бұйымдардың қолданылуы, адамның бет әлпетіне, тұлғасына, жасына сай болуы ескерілді.
Ал макияж жасаған кезде бояуды бет терісіне сәйкес таңдау, кешкі макияж жасау талаптарын орындау, бояу түстерін сәйкестендіру секілді талаптар қойылды.
Тағы оқыңыз: Петропавлда бөгет салуға көмектескен компаниялар әкімдіктен миллиондаған қарызын ала алмай отыр