Петропавлдан миллион текше метрден астам қар шығарылды

Петропавлда көктемгі су тасқынына дайындық қыза түсті. Қазіргі кезде қала көшелерінен қар шығару жұмыстарымен қатар, суағарларды тазалау шаралары да жүргізіліп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығынан қар шығару жұмыстары тоқтамаған. Қазіргі кезде қала көшелерінен 1 миллион 142 мың текше метр қар шығарылыпты.

«Су басу қаупі жоғары аудандарға аса мән беріп жатырмыз. Ол Жұмысшы кенті, Заречный, Береке сынды шеткі аудандар. Сонымен қатар, суағарлар да тазаланып, құбырлар ретке келтірілуде. Себебі күндіз еріп, түнде барлығы қатып жатыр. Сол мұздарды ою жұмыстары да атқарылуда. Оған қоса, қала көшелеріндегі суды сору жұмыстары қатар жүргізілуде»,-деді Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.

Тағы оқыңыз: 12 солтүстікқазақстандық келіншек киіз басуды үйренді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x