Кеше, яғни 1 тамыз күні  Петропавл қаласының  әкімі тікелей эфирде тұрғындар мен журналистердің сауалдарына жауап берді. Оған коммуналдық қызмет басшылары да шақырылды. Жиында қаланың дәл ортасында орналасқан кәріз коллекторының ұзақ жөндеуден өткені үшін «Қызылжар су» ЖШС бас директоры облыс орталығының тұрғындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қала орталығынан өтетін кәріз жүйесі 1966 жылы салынған. Жыл сайын құбырдың бірнеше жерінен ақау табылады. Биыл апат 30 наурыз күні болған еді. «Қызылжар су» ЖШС бас директоры Жеңіс Сұлтановтың сөзінше, 2024 жылы қалада үш жарым шақырымға жуық кәріз құбыры ауыстырылып жатыр.  

«Тоқсан би мен Абай көшелерінің қиылысындағы жұмыстар бірер күннен кейін басталады. 10-11 күннің ішінде 500 метрлік бұл учаскені қайта қалпына келтіретін боламыз. Одан кейін Назарбаев пен Пушкин көшелеріне көшеміз. Ол жерде 560 метр бар. Жұмыс көп, бірақ ауа райына байланысты барлығы жоспарға сай жүрмейді.  Жаңбырлы күні  жұмыс істеу мүмкін емес. Қазір демалыссыз  істеп жатырмыз», – деді «Қызылжар су» ЖШС бас директоры Жеңіс Сұлтанов.

Қазір қолданыста тұрған кәріз  құбырының диаметрі 800 мм. Ол 710 мм-ге ауыстырылады. Жауапты мамандардың сөзінше, құбырдың көлемі кішірек болғанымен, ағынды сулар ол арқылы тез ағып кетеді.  Қазір учаскелерде арнайы бригада жұмыс істеп жатыр. Тікелей эфир барысында коммуналдық қызметтер мен жергілікті билік өкілдері кәріз коллекторларындағы барлық жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтауға уәде берді.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x