Петропавлда Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі зейнеткерді қағып кетті

Петропавлда К. Сүтішев көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер өтпелінде 79 жастағы зейнеткерді Toyota Land Cruiser автокөлігі қағып кетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 22-ші қаңтарда сағат 16:30 орын алды. Кәрім Сүтішев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан қарияны шетелдік көлік қағып кетті. Нәтижесінде зардап шеккен тұрғын жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

«Toyota Land Cruiser машинасының 52 жастағы жүргізушісі медициналық тексеріске жіберілді. ЖКО бойынша процессуалды шешім шығару үшін материал жиналып жатыр», деді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Таңғы оқыңыз: СҚО-да 90-ға жуық ауылды су басу қауіпі бар

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x