Петропавлда түнде екі көлік соқтығысып, жеті жасар бала зардап шекті

Петропавлда түнде болған жол апатынан екі адам жарақат алған. Оның біреуі жеті жасар бала, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға түнгі сағат он екілер шамасында болған. Ж. Жабаев және Крепостной көшелерінің қиылысында Volkwagen Vento» және «BMW» автокөліктері соқтығысқан. Нәтижесінде «Volkwagen Vento» машинасындағы 2016 жылы туған бала дене жарақаттарымен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Екінші көліктің 18 жастағы жүргізушісі де медициналық ұйымға жөнелтілді.

«Алдын-ала болжам бойынша, екі жүргізуші де мас емес. Көліктерге мехналикалық зақым келген. Факт бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Автомашиналар айыппұл тұрағына жөнелтілді», – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық әйелдерді онкогинекологтар тегін қабылдайды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x