Петропавлда дүниежүзілік донорлар күніне орай облыстық қан орталығында Қазақстан халқы ассамблеясы саяси партиялардың филиалдарымен бірігіп, арнайы шара ұйымдастырды. Бұл күні партия мүшелері мен еріктілер, жастар донор болып, қан тапсырды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Шолпан Тілеубергенова 20 жылдық өтілі бар донор. Ол бірінші рет студент болғанда қан тапсырған. Кейін бұл игі істі жалғастырамын деп шешіпті. Бүгін халықаралық донор күнінде алғашқылардың бірі болып тіркелді. Әрі Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған шараға қатысып жатыр.

Петропавлда тұрақты донорлар марапатталды

«Мен ассамблеяның шарасы туралы әлеуметтің желіден көрдім. Сосын қатысуға өтініш білдірдім. Қан тапсыру арқылы адамның өмірін сақтап қалуға болады. Өзге біреудің өмірін арашалап қаласың. Осы ойлардан кейін сенің қаның қаншалықты маңызды екенін түсінесің», – дейді Шолпан.

Шолпан секілді бұл күні қан тапсыруға келгендердің бірі – Сергей Черкас. Ол облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының қызметкері. Құтқарушы аталмыш салаға келгеннен бастап донор болып жүр.

Петропавлда тұрақты донорлар марапатталды

«Адамдарды құтқару – менің жұмысым, қан тапсыру арқылы да азаматтарға көмектесе аламын. Кей кездері екі айда бір рет тапсырамын. Бірақ әр төрт ай сайын келіп қан тапсыруға тырысамын. Оның еш қиындығы жоқ. Менің бір тамшы қаным, бір адамның тағдырын өзгерте алады», – деп өз ойымен бөлісті донор.

Бұл күні донор болғысы келетіндердің қатарында саяси партия өкілдері, жастар, ҚХА мүшелері, белсенділер бар. Мұндай шара облыста жыл сайын ұйымдастырылады екен. Жалпы алғанда өңірдегі қан орталығы 21 медициналық мекемені материалмен қамтамасыз етіп отыр. Ол үшін қан да, қан плазмасы да жеткілікті.

Тағы оқыңыз: СҚО-да балықшы суға батып кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x