Петропавлда есірткі қылмысы тыйылмай тұр

Петропавлда есірткі қылмысы тыйылмай тұр. Полицейлер тағы бір жас жігіттен синтетиканың аса ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 жастағы петропавлдық сәуір айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталған. Одан 1 апта бұрын есірткі сататын интернет-дүкендердің біріне жұмысқа орналасқаны белгілі болды. Нәтижесінде, жігіттен зиянды заттың үлкен партиясы алынды.Тінту кезінде ұнтақ заттары бар екі полимерлі пакет тәркіленді. Сараптама қорытындыссы олардың бірінде 101 грамнан астам мефедрон, екіншісінде 149 граммға жуық «жылдамдық» атты түрі екенін көрсетті. Тәркіленгеннің жалпы салмағы 250 грамнан асты. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

«Бұл биыл тәркіленген синтетикалық есірткілердің ең ірі партияларының бірі. Күдікті қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің санкциясына сәйкес, оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Жыл басынан бері облыста барлығы 49 есірткі өткізу фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 685 келі түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде 20 келіден астам гашиш және 1 келіден астам синтетикалық есірткі заттары», – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Үмбетов.

Тағы оқыңыз: Бүгін докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x