Бүгін докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Бүгін Қазақстанда докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды. Тестілеу құны 21 072 теңгені құрайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Тестілеуге өтініш Testcenter.kz сайтында қабылданады. Докторантураға түсуге ниетті жандар ол жерде тестілеу орнын таңдайды. Бұдан кейін 9 тамыз күні жеке кабинеттегі «Менің іс-әрекетім» бөлімінде сынақ тапсырылатын күн мен уақыты жайлы ақпарат ұсынылады. Биылғы тестілеу бағасы 21 072 теңге деп бекітілді. Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентураны бітірген адамдар қабылданады. Өтініш тапсыру 3-ші тамызға дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: Білім беру гранттарына өтініш қабылдау басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x