Білім беру гранттарына өтініш қабылдау басталды

Бүгін еліміз бойынша ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Талапкерлер өтініштерін онлайн да, офлайн да тапсыра алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе университеттердің қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады.

Жоғары оқу орындарына түсу үшін қажетті құжаттар:
– жеке куәлік;
– ҰБТ сертификаты;
– 3х4 сурет;
– орта білім туралы аттестат (колледж түлектері үшін диплом);
– № 075 медициналық анықтамасы;
– Әскерден анықтама;
– Жеңілдіктерді растайтын құжаттар.

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Тағы оқыңыз: Елімізде аз қамтылған отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтелмек

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x