Үндістандықтардың алғашқы легі қолдарына дипломдарын алды.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ-нің «Медицина» факультетінде білім алған үндістандықтардың алғашқы легі оқу бітірді. Бүгін оларға салтанатты түрде диплом табысталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

5 жыл бұрын 78 үндістандық СҚО келіп, жергілікті университеттің «Медицина» факультетіне оқуға түскен болатын. Ал, бүгін болашақ дәрігерлер қолдарына дипломдарын алды. Оларға құжатты СҚО білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков табыстады. Енді олар өз елдеріне оралып, медициналық мекемелерде қызмет ететін болады.

«11-ші шілдеден бастап «Kozybayev university» түлектеріне дипломдарды табыстау басталды. Оқу ордасында тек қазақстандық жастар ғана емес шетел азаматтары да білім алуда. Олардың қатарында үндістер де бар. Жалпы, биыл университетті 1700 түлек аяқтады. Олардың барлығына кезең-кезеңмен  ЖОО бітіргені жөніндегі құжат берілуде. Бүгін болашақ ұстаздар мен дәрігерлерге дипломдар табысталды», – деді «Kozybayev university» әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Ақмарал Тұрғалиева.

Тағы оқыңыз: Петропавлда есірткі қылмысы тыйылмай тұр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x