Петропавлда ақын, әнші-композитор Біржан салдың туғанына 190 жыл толуына орай әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қабырғасында өткен кешке жерлес өлкетанушылар, әдебиет зерттеушілері, мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақтың бір туар тұлғасы Біржан салдың өмірі де, шығармашылығы да толық зерттеліп бітпеген. Кейбір зерттеушілер оны Ақмола облысының тумасы десе, кейбір ғалымдар Біржан Қожағұлұлы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты Жаңажол ауылында 1825 жылы дүниеге келген деп жазады.

Біржан сал алғашқыда Қызылжардағы екі жылдық орыс-қазақ мектебін оқып бітірген. Кейін медресеге оқуға түседі. Оның өнер жолына біржола бет бұруы осы медреседен басталады. Өйткені, медреседе ұстаз болған Имағамбет Ырғызбекұлы, Көрпеш Бахрамұлы деген кісілер өнерге жақын болған.

Петропавлда Біржан салға арналған әдеби-музыкалықкеш өтті

«Қазақтың ұлттық ән дәстүрін сақтап, оны халық ішіне кең таралуына, ән қорын молайытуына, әнорындау дәстүріне жаңалық енгізуде Біржан салдың орны бір төбе. Біржан сал қазақ халқының әншілік өнерін толыстырып, байытып, соны белеске көтере алған әйгілі композитор. Әрбір үлкен дарын иесі сияқты, ол қазақ ән өнеріне өзіндік өрнек салып, өзіндік дара ән мектебін орнықтырып кетті. Біржан салдың өнерпаздық қырының біріоның айтыскерлігі. «Біржан-Сара» айтысы қазақ сөз өнеріндегі қанатты шабыттың, эстетикалық биік өренің жарқын үлгісі болып табылады», дейді облыстың құрметті азаматы, күйші Серікбай Құсайынов.

Әдеби-музыкалық кеш барысында Біржанның халықарасында кең таралған «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақ тентек» сынды әндері шырқалды.

Петропавлда Біржан салға арналған әдеби-музыкалық кеш өтті

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат жастар арасындаасыл мұра болып қалған ақынның шығармаларын таныстыру, өмір жолы мен еңбектерінен сыр шерту.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мас жүргізушіге қатысты жария сот өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *