Петропавлда бірнеше үй мен балабақша жылусыз қалды

Петропавлда жылу желісінде апат болып, бірнеше нысан  жылусыз қалды. Оның ішінде балабақша, көпқабатты үйлер бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

24 қаңтар күні Петропавлдағы Н. Назарбаев көшесі 154 және Казахстанская правда көшесі 118 тұрғын үйлерінің арасындағы жылу құбыры істен шығып, бірнеше көпқабатты үй жылусыз қалды. «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, апаттың алдын алуға алты адамнан тұратын авариялық бригада және төрт арнайы техника жұмылдырылды.

«Жөндеу кезінде жылумен жабдықтау келесі мекенжайлар бойынша шектеледі:

М. Жұмабаев көшесі, 116, 107, 109, 118,

Н. Назарбаев көшесі, 117, 136, 138, 154, 156, 156А, 158,132,134,130,

Казахстанская правда көшесі, 118 ,

Абай көшесі, 30, 34 , 40 , 31, 33, 35, 25 , 52, 52а, 25а, 33а,

Бостандық көшесі, 11, 13, 16 А,

Интернационал көшесі, 30 , 30 А, 32, 34

Пионерская көшесі 3,7,9,10, 20, 34,

Совет көшесі, 53, 54а,

Пушкин көшесі, 95 а.

Болжам бойынша жұмыс сағат 20: 00-ге дейін жалғасады. Жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Тағы оқыңыз: Былтыр 200 мыңға жуық СҚО тұрғыны ЖРВИ және пневмониямен ауырған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x