Петропавлда білім ордалары қарақұмықтың келісін 700 тг сатып  алған

Петропавлдағы білім беру ұйымдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын мемлекеттік сатып алу кезінде бағаны көтермелеген. Бұл фактілер прокурорлардың тексерсінен кейін анықталды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Мысалы, жеткізушілер мектепке дейінгі ұйымдарға қарақұмық жармасын килограммына 700 теңгеден сатқан. Ал, оның орташа бағасы 330 теңгеның құрайды.

Сондай-ақ картоп, сары май және күнбағыс майы, қант және т.б. азық-түлік көтерілген бағамен сатып алыныпты.

Бұл фактілерге қатысты прокуратура заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізді.

«Қадағалау актісі бойынша азық-түлік өнімдерін сатып алу бойынша бұрын қолданылған калькуляция қайта бекітілді. Бұл бюджет қаражатының 30 млн теңгеге артық жұмсалуына жол бермеді.  Уәкiлеттi орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткiзушiлерiмен қосымша келiсiмдер жасасу жөнiнде жұмыс жүргiзуде»,-деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық Сәния Әскер V дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бақ сынайды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *