Петропавлда бұралқы ит пен мысық қаптады

Петропавлда көше кезген ит-мысықтар көбейді. Көбіне жаңадан бой көтерген тұрғын үй аумағында қоқыс жағалып, жұрттың үрейін ұшырады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі 24kz телеарнасына сілтеме жасап.

Көше кезген иесіз жан-жануарлардан қауіптенген тұрғындар күн сайын «I KOMEK» орталығына шағымданады. Ал ветеринариялық қызмет өкілдері болса оларды аулап, чиптеумен ғана шектеледі. Былтыр бұл бағытта бюджеттен 17 миллион теңгеден аса қаражат бөлінген. Бірақ, әзірге еш нәтиже болмай тұр. Әсіресе, жаңа салынған тұрғын үйлердің маңында көп екен. Қала тұрғындары  бұған жеке сектордың сүріліп, үй жануарларының қараусыз қалғаны себеп, деп отыр.  

Ал ветеринар мамандар бұралқы ит пен мысықтың санын зарарсыздандыру арқылы ғана реттеп келеді. Яғни оның әрқайсысына құтыру ауруына қарсы вакцина салып, чиптеп көшеге қайта босатумен шектеледі.

 «2023 жылы жалпы жергілікті бюджеттен ит пен мысықтарды ұстауға, зарарсыздандыруға, чиптеуге және вакцинация жүргізуге 17,1 миллион теңге бөлінді. Қаңғыбас ит, мысықтардың 300 басы ұсталып, 284 қайтадан тіршілік ететін ортаға жіберілсе, қалғаны тәлім бақтарға жөнелтілді», дейді облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин

 Биыл Петропавл қаласының деректер базасына тағы 7 мың үй жануары енгізілді. Бұл ретте салаға жауапты мамандар үй жануарын серуендету ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Себебі былтыр полицейлер 700-ден аса адамға айыппұл салып, әкімшілік хаттама толтырған. Тәртіпті сақтамағандарға жалпы сомасы 19 миллион теңге көлемінде айппұл салынған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да былтыр облыстық дін істер басқармасы уәкілетті органдармен бірлесіп 21 заң бұзушылық фактісін анықтаған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x