Петропавлда адам пышақтап, бостандығы шектелген студент есірткі сатып келген

Петропавл қаласында адам пышақтап, бостандығы шектелген студент есірткі саудасымен де айналысып келген. Оны полицейлер ұстағанда қалтасынан бір грамм ұнтақ табылыпты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Өзге адамға пышақ жарақатын салған 18 жастағы студент былтыр жауапқа тартылып, бостандығы шектелген. Ал биыл қазан айында ол есірткі саудасына қатысы бар деген күдікке ілініп, ұсталды.


Полицейлер оны Интернационал көшесінде қолға түсірген. Одан бір грамм ұнтақ тәрізді зат алынды. Студенттің тұрғылықты жерінен тағы 40-тан астам түйіншек, электронды таразы, темекі шегуге арналған құрал табылып тәркіленді.

Сот сараптамасы тәркіленген заттың жалпы салмағы 46 грамм «мефедрон» синтетикалық есірткісі екенін көрсетті.

 

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, күдікті алтыншы қазанда есірткі тарату бойынша интернет-дүкендердің бірінде жұмыс істей бастаған. Алайда сегіз күннен кейін ұсталғандықтан табыс табуға үлгермеді. Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — деп хабарлайды СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Тағы оқыңыз: Петропавлда зейнеткер өз үйінде өртеніп кете жаздады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *