Петропавлда 17 жасар жасөспірім ер адамды пышақтап тастаған

Петропавлда жасөспірім жанжал кезінде 51 жастағы ер адамды пышақтап тастаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 21 қараша кешкі сағат 8-дер шамасында Петропавл қаласы Сейфуллин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. Жанжал кезінде белгісіз адамдар 51 жастағы ер адамды пышақтап кеткен.

Аталған факт ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша («Бұзақылық») сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында қалалық ПБ қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 20 және 17 жастағы облыс орталығының үш тұрғынын ұстады.

«Кейін 17 жасар жасөспірімнің ер азаматқа пышақ салғаны белгілі болды. Айта кетейік, ол бұрын да әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы анықталуда», – делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ал жарақат алған ер адам көп қан жоғалтқан. Қазір ол көп бейінді қалалық ауруханада жатыр.

«Пышақ ер адамның жамбас тұсына салынған. Жағдайы орташа ауыр. Ол жарақат бөлімінде жатыр», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық студент университет қызметкерін көптің көзінше балағаттап, дауыс көтерген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x