https://qaz-media.kz/kk/%d2%9baza%d2%9bstanda%d2%93y-%d2%b1ltty%d2%9b-sport-turaly-m%d3%99limetter/

Бүгін Петропавлда «Қазақтану» жобасы аясында өзге этнос өкілдері қазақтың ұлттық тағамы – ет асуды үйренді. Шеберлік сағаты Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақтың дәстүрлі асханасы көшпелі мәдениет пен қонақжайлықтың тамаша көрінісі іспетті. Ұлттық тағамдардың бастауында тұрған еттің жайы бір бөлек. Оны ықылым заманнан бері қазақ сыйлы қонағына ұсынған. Бүгін этномәдени орталықтардың өкілдері мен мектеп оқушылары ет асудың тәртібімен танысты.

Петропавлда өзге ұлт өкілдері ет асуды үйренді

«Өзге ұлттарға қалай қазақша ет асу, қалай нанын  жаю керек екенін көрсететін боламыз. Бұл іс-шара жылда өткізіледі. Былтыр неміс, еврей ұлтының тағамдарын көрсеткен болсақ, биыл нақты қазақтың етін қалай  асу керектігін үйрететін боламыз», – деді «Рух тіл жаңғыру» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әнуар Тоқпан.

Шеберлік сағатында жасалған ұлттық тағамнан неміс, орыс, армян, шешен, украин, татар ұлтының өкілдері дәм татты.

Петропавлда өзге ұлт өкілдері ет асуды үйренді

«Ет асқанда қазақтан кем аспаймын. Оның барлық салт жоралғысын, етті пісірудің  әдебін әбден меңгеріп алғанмын. Қазақы ортада өскен соң кішкентай кезімнен білемін. Үйге сыйлы қонақ келе қалса, оларға да ет асып беретінім бар», – дейді  М.Қозыбаев атындағы СҚУ Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная.

Қазақстан халқы ассамблеясы бастаған бұл бастама келесі жылы да жалғасын таппақ.

Тағы оқыңыз:Қазақстандағы ұлттық спорт туралы мәліметтер

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x