Петропавлда қатарластарына шабуыл жасаған оқушының психиатриялық сарапатама қорытындысы шықты. Нәтижесінде баланың өз іс-әрекетіне жауап бере алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Петропавлдағы № 4 орта мектептің 9-сынып оқушысы қатарластарына балтамен тап беріп, 3 баланы жарақаттаған болатын. Кейін шабуыл жасаған жасөспірім «Депрессия» диагнозымен психиатриялық есепте тұрғаны анықталды. Алайда, жақында баланың психиатриялық сараптамасының қорытындысы шыққан. Нәтижесінде, баланың ақыл-есі дұрыс екені белгілі болды.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Қазір тергеудің қалай өткендігін прокуратура органдары тексеріп жатыр. Ең бастысы жасөспірімнің психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша соттың алдында өзінің іс әрекеттерін қалай жасағаны туралы жауап бере алатыны мәлім болды”, – дейді облыстық ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x