Петропавлдық екі жігіт 19 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Оларға қатысты іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Қыз зорлау фактісі өткен аптада тіркелді. Облыс орталығындағы Қизатов көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде екі жігіт 19 жастағы қызды зорлаған. Оған қатысы бар деген күдікпен 25 және 27 жастағы екі жігіт ұсталды.
«Күдіктілер қазір уақытша қамауға алынды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Екі жігіт те Петропавл қаласының тұрғындары»,-деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да өрт кезінде қою түтін салдарынан екі адам сыртқа шыға алмаған