Петропавлда қосымша сабақ беретін мұғалімдердің біліктілігі шыңдалды

Петропавлда білім ордаларында қосымша сабақ беретін мұғалімдер үшін шеберлік сағаттары өтті. Дәстүрлі «Әдістемелік вернисаж» іс шарасы ондаған ұстаздың басын қосты, деп жазады Qazaqstan Media.

«Әдістемелік вернисаж» іс шарасын облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы ұйымдастырған. Оған балалар өнер мектептерінің, қосымша білім беретін ұйымдар мен мектеп үйірмелерін жүргізетін педагогтар қатысуда. Олар өзара тәжірибе алмасып, сабақ берудегі әдіс-тәсілдермен бөлісуде.

Петропавлда қосымша сабақ беретін мұғалімдердің біліктілігі шыңдалды

«Бүгінгі шараға 90-ға жуық маман қатысуда. Оларға ән, хореография, қолданбалы өнер бағыттарында шеберлік сағаттары ұйымдастырылуда. Мысалы, хореографияда ансамбльдер биге қалай дайындалады, денелерін қалай шынықтырады соны көрсетеді. Қолданбалы өнер сағатында заманауи материалдарды қолдана отырып, балалармен не жасауға болатындығын үйренеді», — дейді БЖШО директорының орынбасары Ирина Каладаева.

Әр секция барысында педагогтар жаңалықтарымен бөлісті. Мысалы, «Жас дарын» өнер мектебінен келген «Гала дэнс» хореографиялық студиясы 10-11 жастағы балаларды әкелген. Олар шеберлік сағатында орыс ұлттық биінің қимыл-қозғалысы мен бишілердің  жүрісін көрсетпек.

«Шеберлік сағатына қатысатын балалар хореографиямен 6 жылдан астам айналысады. Құрам өзгерген емес. Біз орыс ұлттық биінің элементтерін көрсетеміз. Кейбір қатысушылар үшін ол қажет болуы мүмкін. Сабақта үйренгеннің барлығын үлкен сахнада көрсету керек. Бірақ, сыныпта жасаған элементтерді билеу барысында көрсету екі түрлі нәрсе. Сондықтан,  алдымен сыныпта жаттығу жасап алу керек», — деп ойымен бөлісті хореографиялық ұжымның көркемдік жетекшісі Галина Трубан.

Тағы оқыңыз: СҚО-да кісі өлтірді деп айыпталған жасөспірімдер 12 жылға сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *