Петропавлдағы «Alageum Еlectric» компаниясы биыл 104 қызметкерін баспанамен қамтымақ. Қазіргі уақытта бұл зауытта 180 адам жұмыс істейді. Олардың 60%ы қоныс аударушылар. Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов кәсіпорынға соғып, мұнда қызметкерлерге жасалып жатқан жағдаймен танысыты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

9 қабатты 104 пәтерлі үйдің құрылысы 2022 жылдың сәуір айында қалана бастаған. Жоспар бойынша көпқабатты тұрғын үй келесі айда тапсырылуы тиіс. Мұндағы пәтерлер өзге өңірден қоныс аударған жұмысшылар мен үйге мұқтаж өзге де қызметкерлерге берілмек.

Петропавлдағы электротехникалық зауыт қызметкерлерінің 60%-ы қоныс аударушылар

Электротехникалық зауытта қазіргі уақытта 180 адам жұмыс істейді. Оның 60 пайызы – өзге өңірден қоныс аударушылар екен. Қызметкерлердің жалақысы 300 мың теңгеден басталады. Жалақылары көңілге қонымды болғанымен аталмыш зауытта кадр мәселесі өзекті. Компания басшылығы жұмысшыларының жалақысын 25 пайызға арттырған. Алдағы уақытта тағы 300-ден аса адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.

Былтыр орташа жалақы 220 мың теңге болса. Биыл біз 350 мың теңгеге дейін өсірейін деп жатырмыз. Тамыз айында жұмысшылар 330 мың алды. Жыл соңына дейін дәнекерлеушілер міндетті түрде қолдарына 500 мың теңге алады. Және өзге өңірлерден қоныс аударып келген жұмысшыларымыздың да жағдайын жасап, баспанамен қамтамасыз ететін боламыз”, -дейді “Alageum Еlectric» компаниясының директоры Ерсұлтан Шамшиев.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x