Петропавл тұрғыны алаяқтарға сеніп 5 млн теңгесінен айырылды

Петропавл тұрғыны «банктен шалынған қоңырауға» сеніп, 5 млн теңгесінен айырылды. Жыл басынан бері бірінші полиция бөлімінің аумағында ғана интернет- алаяқтықтың 30 фактісі тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, қылмыскерлер «банктен қоңырау шалу», «өздерін полиция қызметкерлері болып таныстыру» сияқты схемаларды белсенді қолданады. Соңғы кездері ұялы байланыс операторының қоңырауы сынды алаяқтардың жаңа алдау сценариі пайда болған.

«Қандай жағдай болсын нөмірлерді, PIN-кодтарды және банк карталарының cvv-кодтарын, sms арқылы келетін кодтарды ешкімге бермеңіз. Үшінші тұлғалардың қысымымен телефондарға қашықтан қатынауға мүмкіндік беретін AnyDesk, TeamViewer және басқа осы сияқты бағдарламаларды орнатпаңыз. Олар қылмыскерлерге сіздің құрылғыңызды басқаруға және сіздің атыңыздан операциялар жасауға мүмкіндік береді», – дейді бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Тағы оқыңыз:Петропавлда өрттен зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x