Петропавлда 54 жастағы келіншек терезеге перде ілмемін деп үстелден құлаған. Ауыр жарақат алған әйелге дәрігерлер 1,5 сағат бойы ота жасады, деп жазады Qazaqstan Media.

Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас петропавлдық келіншек үшін ота жасаумен аяқталды. 54 жастағы қала тұрғыны үстелге мініп, терезеге перде ілмек болады. Сол кезде құлап, үстелдің бұрышына соғылған. Бірақ әйел ол күні медициналық көмекке жүгінбеген. Тек төрт күн өткесін ғана денсаулығы нашарлағасын жедел жәрдем қызметін шақырған.

«Пациент жедел түрде көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Оны кезекші хирургтар қарап-тексерді. Көкбауырдың жыртылғанын, сол жақтағы алдыңғы қолтық астындағы сегізінші қабырғаның аралық аймағында тері астынан гематома анықтады. Жедел түрде операция жасау үшін қала тұрғыны хирургия бөлімшесіне жатқызылды», — деп хабарлады медициналық ұйым мамандары.

Жалпы анестезия арқылы хирургтар Алексей Дрюпин, Жамшид Өмірзақов пен анестезиолог Тимур Әсетов лапаротомия, спленэктомия, санация, іш қуысының дренажын жасады. Бір жарым сағатқа созылған оперция сәтті аяқталды. Оперция жасалған науқас бір литрдей қан жоғалтыпты. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз, оң динамикамен өтті. Әйел адам сегіз күннен кейін қанағаттанарлық күйде амбулаториялық емделуді жалғастыру үшін үйіне жіберілді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 34 жастағы қала тұрғыны дәріхана витринасын сындырған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *