[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/аэрация-1-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Биыл өңірдегі 62 су айдынында аэрация жұмыстары жүргізілген. Ал шаруаны атқармағандар жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қызылжар ауданы Виноградовка ауылының маңында орналасқан «Сивково» көлінің аумағы 50 га шамасында. Бұл жерде көбіне мөңке балығы мекендейді. Қазіргі таңда судың астындағы оттегінің деңгейі 1,2 пайызды құрап отыр. Мамандардың сөзінше бұл өте аз. Салдарынан су жәндіктеріне ауа жетіспейді. Сондықтан мамандар жасанды жол арқылы көлдерді оттегімен байытуға кірісті. Бұл әдіс – аэрация деп аталады.

«Аэрация үшін моторлы бұрғылар, мотосорғылар, аэраторлар және судағы оттегіні өлшейтін басқа да жабдықтарды қолданамыз. Қазіргі таңда көлдегі жұмыстарға  орман күзетінен 5 адам, жергілікті елді мекеннің 3 балықшысы және 5 техника жұмылдырылған. Аэрациялау қаңтар айының ортасынан басталып наурызға дейін атқарылады», – дейді Соколов мемлекеттік орман мекемесінің аңшысы.

Соколов мемлекеттік мекемесінің резервінде дәл осындай 23 су қоймасы бар. Ал, облыс бойынша олардың саны 500-ден асып жығылады. Соның 300-ден астамы жалға беріледі. Облыстық  табиғи ресурстар  және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы өкілдерінің сөзінше, көлдерді жалға алып, аэрация жасамағандар жауапкершілікке тартылады. Ал балықтардың қырылуына жол берген жағдайда олармен жасалған келісімшарт бұзылады.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/аэрация-3.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x