[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/photo_346143.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Тайынша ауданының 80 жастағы тұрғыны алаяқтың құрығына түсіп қалған. Дегенмен, полицейлер пысықайды ізін суытпай ұстады. Қолды болған қаржы иесіне қайтарылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бөтен әйел қарияның үйіне кіріп, оны сөзге тартқан. Әңгіме барысында зейнеткердің бойында «дуалау» бар деп сендіріпті. Қара күшті қайтару үшін түрлі әрекет жасаған. Ол аздай, жинаған ақшасын да «тазарту» керек деп иландырған екен.

Қария болса, еш күмәнданбай, шамамен 270 мың теңгесін алып шыққан. Ақшасын қайта алғанда азайып қалғанын көріп, бірден полицейлерге жүгінген. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері алаяқтың зейнеткерге алдын-ала дайындалған сувенирлік қағаз ақшаларды бергенін анықтады.

«Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеру кезінде жедел уәкілдер қара түсті «Skoda Octavia» автомашинасын байқады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде бұрын осындай қылмыстар жасағаны үшін сотталған Қостанай қаласының 50 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта іс материалдары ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа жіберілді», – дейді аудандық ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтанов.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x