[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/WhatsApp-Image-2023-03-03-at-19.48.25-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Петропавл қаласы мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат Болат Қожахметов, пәтер иелері кооперативі мен мүлік иелері бірлестігінің қызметін жаңартып, жаңа форматқа ауыстыру қажет дейді. Бұл оның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

№6 округ бойынша сайлауға түскен кандидат Болат Қожахметов, сайлаушылар қарапайым халықтың мүдделерін қорғайтын депутаттарды таңдауы қажет дейді. Яғни, бүгінгінің депутаты өзінің нақты ісімен, әрекетімен көзге көрінуі тиіс. Тағы ол қаламыздың белсенді, көпшілікке белгілі азаматтарынан құрылған консультативтік кеңес құрмақшы. Сөйтіп, әр тоқсан сайын жиын өткізіліп, шаһардың проблемалары талқыланбақ.

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында біз пәтер иелері кооперативі (КСК) мен мүлік иелерінің бірлестігі (ОСИ) қызметін қайта жаңғыртып, форматын өзгертеміз. Мен өз қаламның патриоты ретінде әкімшілік-аумақты көркейтуге, абаттандыруға, инфрақұрылымының дамуына баса назар аударатын боламын», – дейді №6 округ бойынша Петропавл қаласы мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат Болат Қожахметов.

Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Б.Т. Кожахметовтің тапсырысы бойынша «QazaqstanMedia» ЖШС дайындады, үгіт-насихат шаралары республикалық бюджет қаражатынан төленді

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x