[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/WhatsApp-Image-2023-03-03-at-17.26.48-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Уәлихандық 14 нәзікжанды «Көктем аруы – 2023» байқауында бағын сынады. Бас жүлде Бидайық ауылдық округі Жамбыл ауылынан келген Тұрсынгүл Шаймұратқа бұйырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Уәлихан ауданының орталығы Кішкенекөл аулында «Көктем аруы – 2023» байқауы өтті. Оған 18 бен 35 жас аралығындағы аудан мектептерінің мұғалімдері, колледж ұстаздары, балабақша тәрбиешілері және мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.

«Байқаудың мақсаты – сұлулықты және салауатты өмір салтын насихаттау, дарынды жастарды анықтап оларға қолдау көрсету, мәдени және шығармашылық қызметтерін ынталандыру болып табылады. Сайысқа қатысушылар «Сәлем – сөздің атасы», «Өнерлі өрге жүзер», «Кім жылдам?» және «Сәнді киім  өнері» атты 4 тапсырманы орындады. Соңғысында, арулар өздері тіккен көйлектерін киіп сахнаға шықты. Бұдан бөлек, қыз-келіншектер үйлерінен қазақтың ұлттық тағамын дайындап алып келді. Бізде, талантты, өнерлі жастардың  көп екендігіне тағы да көзім жетті», – дейді қазылар алқасының мүшесі, зейнеткер Роза Құспекова.

Айта кету керек, байқау осыған дейін де ұйымдастырылып келген болатын. Тек карантинге байланысты 2-3 жыл өткізілген жоқ. Енді міне, араға 2 жыл салып қайтадан жанданған. Сондықтан болар, Сәкен Сері атындағы мәдениет үйіне арулардың өнерін тамашалауға келген көрермендер көп болды.

Сайыстың қортындысы бойынша үшінші орынға Еркежан Мұқанова ие болды. Екінші орын   Мадина Жапароваға бұйырды. Ал бірінші орынды Мадина Сейітова жеңіп алса, бас жүлде Тұрсынгүл Шаймұраттың қанжығасына байланды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды. Сайысқа қатысқан өзге он ару да, түрлі аталымдар бойынша марапатталды.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x