Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданындағы тұзды көлде демалуға келген 63 жастағы Петропавл тұрғыны қайтыс болды. Оқиға бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға 26-шы шілде күні болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, сол күні 13:00 шамасында әйел туыстарымен бірге демалуға келген. Меңкесер көліне түсе бастаған кезде өзін жайсыз сезініп, жағдайы нашарлаған. Оқиға орнында оған медициналық көмек көрсетілгенімен, әйел көл жағалауында көз жұмды.
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес тиісті процестік шешім қабылданады.
Бұл Меңкесер көлі маңында тіркелген екінші қайғылы оқиға. 28-ші маусым күні тұзды көлге барған 76 жастағы ер адам көз жұмған болатын. Ол да туыстарымен бірге демалуға келген еді.
Тағы оқыңыз: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесі тағы өзгереді

