[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-14-at-17.09.44-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Ақпанның 13-і облыс орталығындағы №4 жалпы білім беретін мектепте болған оқыс оқиғаға байланысты енді оқу ордаларында қатаң тексеріс жүргізіледі. Арнайы құрылған жұмыс тобы білім ордаларындағы бейнекамералар, күзет және дабыл тетігінің жарамдылығы мен турникет жүйесінің бар-жоғын бақылауға алмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыста жалпы 465 мектеп бар. Білім басқармасының мәліметінше, барлық білім ордалары бейнекамералармен қамтамасыз етілген. Министрлік бекіткен ережеге сай, өңірдің 50 мектебінің кіреберісіне турникеттер қойылуы керек. Қазіргі уақытта аталмыш жүйемен тек 25 мектеп қамтамамыз етілген. Сондай-ақ, 23 білім ордасында мамандандырылған күзет жұмыс істейді.

«Министрлік бекіткен ережеге сай, мектептер 3 санатқа бөлінеді. Бірінші санатқа, 300 оқушы білім алатын мектептер жатса, екіншіге 700-ге дейін білім алушысы бар оқу ордасы, ал үшінші санатқа 700-ден жоғары оқушысы бар мектептер жатқызылады. Бірінші санаттағы мектепке мамандандырылған күзетте, бақылау жүйесі бар турникет те керек емес. Биыл екінші және үшінші санатқа жататын қалған 25 мектепке арнайы турникет және 27 оқу орны мамандандырыған күзетпен қамтамасыз етіледі»,- дейді СҚО білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков

Оқыс оқиға болған  №4 мектеп оқушылары бүгін қашықтықтан білім алып жатыр. Ертеңнен бастап, білім ордасы шаттық режімде жұмысқа кіріседі. Ал, зардап шеккен 2 баланың жағдайы тұрақты, олар жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.  

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *