Есіл ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

ҚР Конституциясы күніне орай Есіл ауданының орталығында үлкен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Өз тауарларын жұртшылыққа аудан тұрғындары мен түрлі кәсіпорындар ұсынды. Тауарлардың ассортиментімен Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров танысты, деп жазады Qazaqstan Мedia тілшісі.

Явленка ауылында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне аудандағы барлық ауылдық округтер қатысты. Олардың барлығы  сапалы өнім аламын деушілерге өз тауарын ұсынуда. Айталық, Амангелді селолық округінің тұрғындары аудан орталығына жұмыртқа, сүт және ет өнімдерін жеткізген.

Есіл ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

 

«Конституция күні аудан тұрғындары үшін мереке жасағымыз келді. Сондықтан әкелген тауарларды төмен бағамен саудалап жатырмыз. Осылайша, адамдар мерекені бізбен бірге тойлап, сапалы өнім алып қайтады. Адамдар риза болып, алғыстарын айтып жатыр. Бұл жерде шынымен де, ерекше мерекелік атмосфера орнаған. Музыка ойнап тұр. Аудан өнерпаздары жұртшылық назарына концерт ұсынды. Сондай-ақ бізбен бірге спортшыларымыз да келді. Олар футбол турниріне қатысады. Мен барлық солтүстікқазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтаймын. Еліміз дамып, гүлдене берсін», — деді Амангелді ауылдық округінің әкімі Бақыт Исмағұлов.

Салтанат Санаева Бұлақ ауылдық округінен келген. Келіншек мұндай жәрмеңкеге алғаш рет қатысып отыр. Ол тауық еті, сүт, жұмыртқа, май алып келген.  

Есіл ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

«Мен бүгін жәрмеңкеге деп қысқа қажетті тұздалған көкөністердің де түр-түрін алып келдім. Бізде осындай үлкен жәрмеңкелер жиі өтеді. Бірақ мен алғаш рет қатысып отырмын. Барлығы ұнап жатыр. Ел тұрғындарын мерекемен құттықтай отыра, әрқашан осындай молшылық, тоқшылық болсын деп тілеймін», — деді аудан тұрғыны Салтанат Санаева.

Ольга Пятак аудан орталығында өткізілетін жәрмеңкелердің бірін қалтырмайды. Ол үнемі Олейниковтар отбасынан сүт өнімдерін сатып алады екен. Бүгін де ерте келіп, қажетті тауарларын алып үлгерген.

Есіл ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

«Қаймақ пен сүзбе сатып алдым. Өте дәмді. Осындай жәрмеңкелер жиі болып тұрсын деймін. Жалпы,  соңғы жылдары аудан орталығы айтарлықтай өзгерді. Шақаев, Позолотин, Жамбыл көшелерінде жолдар жөнделді. Үйлерге су тартылып жатыр», — дейді Явленка ауылының тұрғыны Ольга Пятак.

Мерекелік шараны көруге Гүлсім Нұржанова да келген. Ол мұндай жәрмеңкелер ылғи көңілді өтеді дейді.

Есіл ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті  

«Біз таңқурай сатып алдық. Мұнда бәрі дүкендерге қарағанда әлдеқайда арзан. Жәрмеңкеге келу біздің отбасылық дәстүрге айналған. Қалағанымызды сатып алған соң, міндетті түрде кәуап жейміз. Мен жолдасыммен келдім. Бүгін шараға құрбымды да шақырдым. Ол өзіне қоян және жұмыртқа сатып алады. Қазақстандықтарға бейбітшілік, мықты денсаулық тілеймін», — деді Явленка ауылының тұрғыны Гүлсім Нұржанова.

Николаев ауылдық округі құрған шатырдың маңында ұзын-сонар кезек. Мұндағылар тұрғындарға сапалы, табиғи, таза өнімнің түр-түрін алып келген.

Есіл ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

«Біз сүт, ет, бал өнімдерін алып келдік. Тұздалған қияр, тосаптардың да түр-түрі бар. Жәрмеңкеге «Тамаша» шаруа қожалығы да өз өнімдерін алып келді. Олар көкөністер өсірумен айналысады. Бүгін қырыққабат, қызылша алып келген. Ең бастысы, тауар құны қалтаны қақпайды. Сондықтан адамдар бізге келіп, сауда жасағысы келеді. Ауылдық округ облыс орталығында ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне де үнемі қатысады. Барлық жерде тұрақты клиенттеріміз бар. Олар біздің келуімізді әрқашан күтіп жүреді. Тұтынушылар арасында сүт өнімдері де танымал. Себебі, еш қоспасыз дайындалады», — дейді Есіл ауданы Николаев ауылдық округінің әкімі Далабай Қабдуалиев.

Ал «Ильинское» ЖШС жәрмеңкеге мал азығын әкелді. Олардан бір қап астық қалдығын 2,5 мың теңгеге сатып алуға болады.

«Төрт тоннадан астам өнім әкелінді. Жартысынан астамы сатылып кетті. Қыс жақындап қалды. Сондықтан мал азығына сұраныс жоғары. Оның үстіне бағасы да төмен», — деді Ильинское ауылдық округінің әкімі Жасұлан Майнақов.

Есіл ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Ауданда өтетін жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, жеке кәсіпкерлер және аудан тұрғындары белсенді қатысады.

«Шөпті 10-ға жуық адам саудалап жатыр. Оның ішіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер де, аул тұрғындары да бар. Шөп бумасының бағасы алты мың теңгеден аспайды. Өткен жылы жеті-сегіз мың теңге болған. Биыл өнім жақсы шықты. Бірақ жаңбыр жинауға мүмкіндік бермей жатыр. Сауда бүгінде қызу жүріп жатыр. Міне, сағат 11-де әкелген өнімнің біразы сатылып кетті. Шөпті алған тұрғындардың үйіне техникамен жеткізіп береді», — деді Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ермек Түменбаев.

Есіл ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Есіл ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Сондай-ақ бұл күні жәрмеңкеге келушілердің назарына аудан өнерпаздары мерекелік концерт ұйымдастырды.

 

Есіл ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Есіл ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Тағы оқыңыз: СҚО-да Qnet қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x